RU

Джеки Чанның өзі белгілі қазақ әншісін суретке түсуге арнайы шақырған (фото)

Астанаға қонақ болып келген Джеки Чанмен суретке түсіп қалуға әркім ниет білдірді. Алайда әлемге әйгілі актердің өзі суретке түсуге асыққан қазақ әншісі кім?

Қазақтың танымал опера әншісі, өнерімен бүкіл әлемді таңғалдырған Майра Мұхамедқызы Джеки Чанның өзіне деген құрметі үшін алғыс білдіріп, оның неліктен өзімен суретке түскісі келгенін айтып берді.

"Жұрттар Джеки Чанмен фотоға түсе алмай естері шығып тұрғанда, бір Қытай азаматы келіп құлағыма сыбырлайды: "Чан ағасы сізбен фотоға түссем деп ұсыныс жасап жатыр" демесі бар ма? "Менімен?" деп аузым ашылып қалды. Содан түстік.

Тағы оқыңыздар: Алматылық бойжеткен өзін төсекке сүйреген басшысы туралы шындықты жайып салды

Ол маған айтады: "Бүгін қолында микрофоны жоқ нағыз әнші сіз болдыңыз! Сол үшін сізді қатты сыйлаймын" дегенді естігенде құлағым, жүрегім нағыз бальзаммен сусындалғандай болды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518452-dzheki-channynh-ozi-belgili-qazaq-anshisi.html