RU

Ақтөбе әкімі жиналыста ұйықтап қалғаны үшін мүлдем ұялмайтынын айтты

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов әлеуметтік желіде «хит» болып, үнемі күлкіге қалатын шенділердің бірі.

Осыған дейін қала басшысының жиналыста ұйықтап отырған фото, видео жазбалары желіде қызу талқыланған болатын. «Ұйықтап жүретін әкім» деген теңеуге қатысты Испановтың өзі пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ  тілшісі.

- Ол кезде көзім жұмылған жоқ. Ұйықтаған жоқпын, - дейді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Тағы оқыңыздар: Алматылық бойжеткен өзін төсекке сүйреген басшысы туралы шындықты жайып салды

Әкім журналистердің «Желідегі жазбалар сіздің намысыңызға тиген жоқ па?» деген сауалына да қысылмай жауап берді. Тіпті, еш ренжімейтінін де айтып берді.

- Жоқ, мен ол жағдайды талқыға салмаймын, ренжімеймін. Тек, рахмет айтамын, - деді Ілияс Испанов.

"Кімге рахмет айтасыз?", - деген сауалға ол: "Өзіме өзім рахмет айтамын", - деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Ілияс Испанов Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.  «Ақтөбе ақпарат» орталығының хабарлауынша, 40 жастағы Испанов ҚазМБА жанындағы нарық институты, Лондон экономика және саяси ғылымдар институты, РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі.

Экономист және Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі мамандықтарын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518478-aqtobe-akimi-zhinalysta-uyyqtap-qalgha.html