RU

Сирияда соғысып жүрген жігіт анасынан жылап тұрып кешірім сұрады

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бет-аузын бүркеп видео мәлімдеме жасаған адамды тексеріп жатыр. Бұл жөнінде МҰҚК-ның ресми өкілі Рахат Сулайманов мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде бет-аузын бүркеп, қолына автомат ұстаған жігіттің анасынан кешірім сұраған видеосы кеңінен талқыланып жатыр. Видеоның әр жағында атылған оқтың дауысы естіледі.

Ер адам қырғыз тілінде «Мама, мен тірі қалмайтын секілдімін. Кешіріңіз. Мұнда келіп, қателік жасаппын. Олар жазықсыз балаларды өлтіріп, әйелдерді зорлап жатыр», - дейді.

Тағы оқыңыздар: Қытайлық жас жұбайлар телефон мен киім алу үшін өз сәбилерін сатып жіберді (фото)

Бұл видео қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Кейбір желі қолданушылары әскери киім киген адамды «жақсы әртіс» деп те атаған.

Қырғыз арнайы қызметінің мәлімдеуінше, Сирия аумағында 600 қырғыз азаматы соғысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518531-siriyada-soghysyp-zhurgen-zhigit-anasyna.html