RU

Түймебаев түк жұмыс бітірмейтін басшыларға орындарын босатуды бұйырды (видео)

Шымкентте Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы облыс әкімінің ашуын келтірді. Себебі басқарма жер қойнауын заңсыз пайдаланатындарды біле тұра ешқандай шара қолданбай отыр деп хабарлайды ТVK сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Рұқсатсыз өзен арнасын қазып, заңсыз сауда жасайтындарды білетін Мұхит Отаршиев аталған заңсыздықтарды отырғандардың барлығы білетінін айтты.

"Бұл заңсыздықты барлығы біледі. Бірақ, не себепті қол қусырып отырғандары түсініксіз" ,-деді.

Баядамашының бұл жауабы облыс әкімі көңілінен шықпады. Шара қолдану былай тұрсын, Мұхит Отаршиев мырза рұқсаты жоқ карьерлерді саусақпен санап, бұған тосқауыл бола алмаған жергілікті полиция қызметі мен экология департаментін кінәлады.

Тағы оқыңыздар: Жұлдыз Өмірғалидің бояусыз кейпін көргендер оның сұлулығына күмәнданып қалды (видео)

"Осында барлығы отыр. Кім біледі айтшы?",- деген Жансейіт Түймебаев тиісті мекеме басшыларын бір-бірлеп тұрғызып, есеп астына алды.

Қылмыстық істі бір-біріне сілтеп, мардымды жауап бере алмаған басшылар облыс әкімін ашуландыра түсті.

"Сіздердің барлығыңызды босатуымыз керек. Сосын нақты жұмыс істейтін басқа адам келуі керек", - деді облыс әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518643-tuymebaev-tuk-zhumys-bitirmeytin-bassh.html