RU

ЭКСПО-да "Аттан, қазақ" деп айқайлаған Амантай қажы шетелдіктерді шошытты (фото)

Аса таяғы қолынан түспей, Алматы көшелерін кезіп жүретін Амантай қажы күллі әлем назарын аударған ЭКСПО көрмесі өтетін Астанаға да жетіпті. Онымен қоса ақсақал "Аттан, қазақ" деп айқайлап, шетелдіктерді шошытып жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Facebook желісінде Жамила Зайырова есімді азаматша жазыпты.

"Атам ЭКСПО-да да аттан қазақ деп таяғымен айқайлап жүр ғой. Шетелдік журналистер аузы ашылып қарап қалыпты", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде төрт ағайынды жетім балалардың мойнына банк миллиондаған қарыз іліп қойды (фото)

Аталмыш жазбаға пікір қалдырушылардың бірі Амантай қажының шетелдік қонақтар үшін эксклюзив екенін айтқан.

"Живой- экспонат, экзотика. Көрерсіздер қонақтар онымен суретке түсуге, я түсіріп алуға тырысады, әлі", - деп жазған оқырман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518664-ekspo-da-attan-qazaq-dep-ayqaylaghan.html