RU

Ташкент мектептері Мирзияевтің келуіне орай 10 күн сенбілік жариялаған

Ташкенттік облыстық халықтық білім басқармасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің келуі мүмкін деген ақпараттан кейін "Зарбдор-10 күн" атты сенбілік жариялаған деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

"Мектеп басшылығы президентпен кездесуде болатын педагогтарды дайындап, гүлдер мен базилик отырғызып, мектеп территориясын ретке келтіріп, оқу орнындағы әжетхананы тазалауы тиіс", - делінген облыстық басқарма хатында .

Тағы оқыңыздар: Арам пиғыл танытқан такси жүргізушілері елорда қонақтарын тегін тасымалдайтын болды

Облыстық халықтық білім басқармасының қызметкері Хаёт Валиев Ташкент облысында сенбілік жарияланғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518799-tashkent-mektepteri-mirziyaevtinh-kelu.html