RU

Меккеде қомақты ақшасын жоғалтқан қажыға бір тиынын алмай әмиянын қайтарып берген

Кіші қажылық жасамақ ниетпен қасиетті Меккеге ұшып келген кувейттік Зайд әл-Хаббар қомақты қаржы салынған әмиянын жоғалтып алады. Алайда әмиянын ақшасымен қайта тауып алғанда оның қуанышында шек болмады деп хабарлайды muslim.kz.

Белгілі болғандай жанұясымен бірге Мадина қаласына ұшып келген Зайд әл-Хаббар сол жерден көлік тоқтатып, Мекке шаһарына жолға шықпақ болады. Алайда жолда ол қолындағы жүгімен бірге, қомақты қаржы салынған әмиянын да жоғалтып алады.

«Бір қария кісіге қажылық киімін киюіне көмектесу үшін заттарымды қоя тұрғам. Кейіннен көлікке мініп, Меккеге қарай жүріп кеттік. Ал заттарым мен ақша салынған әмияным сол жерде қалды. Бұл жайында тек жүргізушіге ақша төлер кезде ғана аңғардым», – дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Астананың орталығында жыланды "серуендетіп" жүрген тұрғын жұртты шошытты (видео)

Зайдтың қалдырып кеткен әмиянында 16 000 сауд риалы болған көрінеді. Бұл жайында білген көлік жүргізушісі Мадинадағы таныстарына қоңырау шалып, киімдер салынған сөмкесін іздестіруді тапсырады. Алайда жоғалған сөмке табылғанымен, ақша салынған әмиянның жоқ екені анықталады.

Бар қаржысынан айырылып, жанұясымен бірге қиындыққа тап болған Зайд әл-хаббарды келесі мүлдем қуанышты хабар күтіп тұрған болатын. Мадина қаласындағы жоғалған заттар бөлімшесіне бас сұққан олар әмияндағы қаржының бір тиыны да жоғалмастан аман тұрғанына куә болады.

«Мен, тіпті, ақшамды қайта тауып аламын деп ойламаған болатын», – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518935-mekkede-qomaqty-qarzhysyn-zhoghaltqan-q.html