Выйти
RU

15 адамды өлтірді деп сотталып кеткен Владислав Челах бір ғажайыпты күтіп отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

15 адамды өлтіргені үшін сотталған Владислав Челах "Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеуде. Оның жақындары жігітті БҰҰ-ның халықаралық соты ақтап шығатынынан үмітті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Владимир Челахтың атасы немересін тым сирек көретінін айтуда. Жиі көруге түрмеде мүмкіндік берілмейді екен.

"Бұндайды жауыңа да тілемейсің. Алайда біз еңсемізді түсірмейміз. Адвокат БҰҰ соты бәрін жақсылап тексеретінін айтуда. Оған істі қолға алғандары туралы хабарлама келді", - дейді ер адам.

Владиславтың түрмеде отырғанына бес жылдай болды. Туыстары "Қара бүркіт" атанып кеткен Жітіқара қаласындағы 161/3 колониясында Владиславты тек төрт жылда бір көреді.

Өмір бойына сотталғандар отыратын бұл түрмеде кездесулер арнайы темір тормен қоршалған бөлмеде өтеді. Сотталушының жағдайын біліп, туыстарынан сәлем жолдап үлгеру үшін екі сағат қана уақыт беріледі.

Тағы да оқыңыздар: Астананың орталығында жыланды "серуендетіп" жүрген тұрғын жұртты шошытты (видео)

"Мен, әжесі, әкесі Жітіқарада Владиславпен кездесу сәтін сарғайып күтеміз. Владислав өзін жақсы ұстауда. Тілдерді, құқықты үйреніп жатыр. Грек, ағылшын тілдерін, құқық пен йоганың қыр-сырын меңгеруде. Ол жақсылықтан үмітті", - дейді Владимир Челах.

Челахтың отбасы одан келетін хаттарға ерекше қуанады. Бір ай бұрын Владислав туған әпкесін туған күнімен құттықтап хат жазыпты.

"Жақында сіздермен кездескеннен кейін қайта сағына бастадым. Қып-қысқа кездесуде сіздерді тағы бір көргім келеді... Бір ғажайып болады деп үміттенемін", - деп жазған Владислав.

Тағы да оқыңыздар: Меккеде қомақты ақшасын жоғалтқан қажыға бір тиынын алмай әмиянын қайтарып берген

Еске салсақ, Қарағанды тумасы Владислав Челах "Арқанкерген" кедендік қызметінің 14 қызметкерін және қорықшыны өлтірді деп айыпталған болатын. Тергеу мәліметі бойынша, 2012 жылдың 28 мамырында болған қайғылы жағдайда Владислав жалғыз өзі қызметкерлерді атып өлтіріп, кейін казармасын өртеп жіберген.

19 жастағы жігіт кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
15 адамды өлтірді деп сотталып кеткен Владислав Челах бір ғажайыпты күтіп отыр