RU

63 жастағы бизнесмен өзінің модель әйеліне ерекше тосынсый жасады

63 жастағы мысырлық кәсіпкерге тұрмысқа шыққан атышулы Playboy-лық модель үйлену тойының бір жылдығын күйеуінсіз атап өтті. Мысырлық бизнесмен іссапарда болған. Соған қарамастан ол өзінің жас әйеліне нағыз ертегіні ұйымдастырып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

27 жастағы Playboy моделі миллионер күйеуі жасаған тосынсыйдың фотоларын жария етті. Молдовалық Ксения Дели былтыр мысырлық бизнесмен Оссам Фатхи Рабахаль-Шарифке тұрмысқа шыққан болатын.

Тағы да оқыңыздар: Суретке түсіп қалған балақайдың аруағы жұртты шошытты (фото)

Кәсіпкер әйелі үшін музыканттарға серенада айтқызып, үйдің ауласын гүл мен шарға толтырды.

Екі ғашық үйленгеннен бері бала сүйгісі келіп жүрген көрінеді. Бизнесмен Ксения бала көтерсе оған көп уақытын арнайтынын айтқан. Ксения әлі күнге модель болып жүр. Ол жартылай жалаңаш суреттерін жиі жариялап тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519087-63-zhastaghy-biznesmen-ozininh-model-ayel-2.html