RU

Ортаңғы саусағы қысқа қызды желі қолданушылары күлкі қылды (фото)

Саусақтардың қысқаруы, ғылымда брахидактилия деп аталатын дертке шалдыққан қыз Reddit.com порталына қолының суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Желі қолданушылары оған қатты таңданып, пікірлерін жаудырды.

Тағы да оқыңыздар: Суретке түсіп қалған балақайдың аруағы жұртты шошытты (фото)

"Сіз саусақтарыңыздың көлеміне орай арнайы қолғапқа тапсырыс бересіз бе әлде артық қалған жері солай тұра бере ме?", - деп сұрайды олардың біреуі.

"Ортаңғы саусағыңызды көрсетсеңіз, адамдар оған мән бермейтін шығар?", - деп мазақтай сөйлегендер де болған.

Тек бір жігіт осыған ұқсас дертке - камптодактилияға шалдыққанын жазыпты. Оның бір саусағы үнемі бүгіліп тұрады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519089-ortanhghy-sausaghy-qysqa-qyzdy-zheli-qold.html