RU

Астанадағы байдың балалары қандай мектепте оқиды? (фото)

Ауқаттылардың балаларына арналған білім ордаларының басым бөлігі Алматыда орналасқан. Ал Астанада табысы жоғары бес мектеп бар екен. Осы орайда Baq.kz аталмыш білім ордалары туралы біліп көрді.

Астанадағы ең қымбат мектеп – «Нaileybury Astana School». Мұнда балаңызды оқыту үшін айына 700 мың теңге төлейсіз. Білім ордасының жылдық табысы шашамен 3,5 млрд теңге. Мұнда 494 оқушы білім алуда. Мектепті бітірушілер ҰБТ тапсырмайды. «Нaileybury Astana School» білім ордасында жоғары білікті 50 ұстаз жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – Ұлыбритания азаматтары.

Тағы оқыңыздар: ІІМ тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады (фото)

Келесі білім ордасы – «Спектрум» халықаралық мектебі. Бұрынғы атауы - «Нұр-орда». Алайда «Nurorda» мектеп-лицейінің атымен шатастырып алмас үшін білім мекемесі атауын «Спектрум» деп өзгерткен. Мұнда балаңызды оқыту үшін айына 498 мың теңге төлейсіз. Білім беру мекемесінің жылдық табысы – шамамен 1,38 млрд теңге. Мұнда 308 оқушы білім алуда. Олар ағылшын тілін кембридж бағдарламасы бойынша оқиды. Сондай-ақ, оқушылар мектептегі түрлі үйірмелерге тегін қатысып, әрі халықаралық бағдарламалар арқылы шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар. Мұнда да түлектер ҰБТ тапсырмайды.

Сонымен қатар шаһардағы ең беделді жекеменшік білім беру мекемесі – «Мирас» халықаралық мектебі. Оның жылдық табысы – шамамен 1,37 млрд теңге. Ата-аналар мұнда баласын оқыту үшін бір айға 369 мың теңге төлейді. Аталмыш білім беру мекемесінде 414 оқушы оқиды. Білім ордасының түлектері ҰБТ тапсырмайды.

Астанадағы арзан жекеменшік мектептің бірі – «Nurorda» мектеп-лицейі. Басқа білім ордаларының бағасымен салыстырғанда. Мектептің жылдық табысы – 1,42 млрд теңге. Онда бір балаңызды оқыту үшін айына 194 мың теңге төлейсіз. Мұнда 812 оқушы білім алуда. 2016 жылғы деректерге сүйенсек, білім ордасының ҰБТ-дағы орташа балы – 109.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы ЭКСПО көрмесінің ашылуында қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Өткен жылы аталмыш білім беру мекемесінің 17 түлегі QS, The Times Higher Education World University Rankings, Academic Ranking of World Universities нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 100 университетке кіретін беделді жоғарғы оқу орындарына түссе, 13 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған.

Сонымен қатар бас қаладағы беделді жекеменшік білім ордасы – Үздіксіз білім беретін халықаралық колледж. Бұл жерде 278 студент білімін шыңдауда. Жылдық табыс – шамамен 465 млн теңге. Мұнда студент бір ай оқығаны үшін 182 мың теңге төлейді.

ҰБТ-дағы орташа балл (2016 жыл) – 81,67. Осы уақытқа дейін аталмыш колледждің студенттері Harvard University, Columbia University, London School of Economics, Warvick University, Cambridge University және т.б. әлемнің беделді жоғарғы оқу орындарында түскен.

Мақала 2017 жылғы «Forbes» журналының №03 (67) санынан алынған деректер негізінде жазылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519097-astanadaghy-baydynh-balalary-qanday.html