RU

Әйел кейпіне еніп ән шырқайтын Верка Сердючка өміріндегі құпиясын ашты (фото)

Бұдан бірнеше жыл бұрын "Верка Сердючка" есімді әйел кейпіндегі Андрей Данилко танымалдылыққа ие болғаны белгілі. Ол елдің барлығын күлкіге қарық қылып, әйелдің бітім-болмысы арқылы елді өзіне қаратқан. "Верка Сердючка" сахнада табысты болғанымен, оның рөліндегі Андрей Данилконың жеке өмірінда жағымды жаңалық жоқтың қасы. 43 жасқа келген Данилко неліктен отбасын құра алмады?

Ол ешқашан жеке өмірі туралы ешкімге тіс жарып айтып көрмеген. Алайда ол неліктен отбасын әлі күнге құрмағанын айтып берді. Айтуынша ол  жалғыздықты жақсы көреді.

Данилко сонымен бірге жанында қанша адамның қаумалап жүргенін де ұнатпайтын көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Танымал тележүргізуші Ардақ Назаровқа ұл сыйлады (фото)

"Қазір менің жасым 43-те. Бұл жаста адам отбасын құрып, бала сүюге құлықсыз болады. 22 жасымда отбасымның болғанын қалайтынмын. Жыл өте келе ол қалауым жоғала бастады. Ал қазір отбасы маған мүлдем керек емес. Себебі, бөлмеме кіріп алып, жалғыз өзім қалғым келеді де тұрады. Себебі мен жан жағымнан қаумалаған адамнан шаршадым", - дейді ол.

Көптің арасында жүргеннен жалыққан ол өзін тіпті осы себептен социофобия деген ауруға да шалдыққанын айтады.

"Бұл ауру қатты шаршағаннан пайда болады", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:  Бағасы арзан киім-кешекті жарнамалайтын жұлдыздар кімдер? (фото)

Ол өзінің артынан жүгіріп, көшеде адам сияқты жүруге қалғанын айтып, қынжылады. Себебі оның фанаттары бірде оны тіпті таптап кете жаздап, артынан қуалаған. Ол медпунктке тығылып қалып, әзер құтылған. Осыдан бастап, ол ел секілді серуендегенді армандайтын болған.

Андрей, сонымен бірге, шынайы өмірден де алыстап кеткенін айтады. Ол пәтерақыны қалай төлеуді, жанармайдың қанша тұратынын да білмейді.

Кезінде Андрей Данилконы актриса Инна Белоконьмен көңіл жарастырады деген қауесет таралған. Алайда Инна Андреймен 22 жылдан бері дос екенін айтып, олар ел алдында сүйісе салуға да қымсынбайтынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519100-ayel-keypine-enip-shyrqaytyn-verka-s.html