RU

Суретке түсіп қалған балақайдың аруағы жұртты шошытты (фото)

Ұлыбританияда «Soul Reaper Paranormal» атты елес аулаушы топ кішкентай баланың аруағын фотоға түсіріп алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы укроп.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңыраған фабрикада болған бұл жағдай желіде қызу пікірталас тудырды. Суретті көргендер онда баланың елесі емес, қабырғадағы сурет болуы мүмкін екенін алға тартуда. Дегенмен елес аулаушылар қабырғада ешқандай суреттің болмағанын дәлелдейтін видеожазбаны көрсетеді.

Куәгерлердің айтуынша, балақайдың бейнесі суретте аяқ асты пайда болған.

Тағы да оқыңыздар: ІІМ тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады (фото)

"Бұл өте ескі фабрика. Жергілікті тұрғындар бұл қаңыраған мекенде елестер жиі кездесетінін айтуда. Ал біз сол елестердің бірін суретке түсіре алдық", - дейді топ мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519191-suretke-tusip-qalghan-balaqaydynh-arua.html