RU

Қалтасынан уыс-уыс ақша шығарған жомарт жігіттің әрекеті танымал журналисті таңғалдырды

Танымал журналист, "Қазақстан Ұлттық" арнасындағы "Айтуға оңай" бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек таксиде басынан өткен қызықты жайтты оқырмандарымен бөлісті. Тележүргізушіні жомарт жігіттің ісі таңғалдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сейфуллин-Гоголь көшелерінің қиылысынан жұмысқа дейін такси ұстағам. Бір Lada тоқтады. Рөлде - жасы жиырма бестің шамасындағы жас жігіт. Мені танып: "Айтуға оңайды" жүргізетін ағасыз ба? деді. Жетісайдың жігіті екен. Жақында көшіп келіпті. Үй салсам деген ниеті бар екен. Содан ананы-мынаны айтып келе жатқанымызда ол қалтасынан ақшаларын шығара бастады. Бөлек-бөлек екі мың, бір мың, бес мың теңгеліктер. Умаждап сала беріпті. Такси боп тапқаны көрініп тұр. Соларды маған ұсынып, "аға, мынаны алыңызшы" дейді. Көзім банкі болды.

-Әй, батыр, сендей таксист көрсем көзім шықсын. Ол заманда, бұл заман таксистер клиентке қашан ақша беруші еді? Сөйтсем, "xабарға көмек сұрап келгендерге берерсіз" деп қарап тұр.

Тағы оқыңыздар: Қасиетті Рамазан айында Шымкенттегі мүгедектердің үйі қирап қалды (фото)

Алмадым. "Айналаңда мұқтаж жандар бар шығар, соларға бер" дедім. Іштей риза болдым. Әкесіз өскен, қиындықты көп көрген жігіт екен. Құдай да бергенге береді ғой, бұл бауырымның да тілеуін берсе екен, өсіп-өнсе екен деп тіледім", - дейді Бейсен Құранбек.

Желі қолданушылары бұндай иманды, тәрбиелі жігіттің әрекетіне риза болып, оған деген тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519276-qaltasynan-uys-uys-aqsha-shygharghan-zhorm.html