RU

Мәскеуде 14 жастағы оқушы қыз өзін азғырған жігітті жақтап шықты

Мәскеуде Альбина есімді 14 жастағы қыз бала өзін азғырып, ұятсыз суреттер жолдаған жас жігітті жақтап шықты. Ол соттан жігітті босатуын өтінуде. Бұл турал NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

14-жастағы қыз бұл істе зардап шегуші тарап болса да, айыпталушыны жақтап әлек. Ол 20 жастағы Максим есімді жігітке ғашық болып қалғанын алға тартты. Максим желі арқылы жеткіншекті азғырып, ұятсыз суреттер жолдаумен айналысып келген. Алайда Альбина оған шаң жуытар емес.

Тағы да оқыңыздар: Суретке түсіп қалған балақайдың аруағы жұртты шошытты (фото)

"Бір Ромео мен Джульетта секілдіміз. Арамызда достық пен сүйіспеншілік бар. Альбинаның анасы мені жек көреді. Альбина үйінен қашып кеткенде, ол менің үстімнен арыз түсірді.  Сот сараптамасы Альбинаның пәк екенін анықтағасын, арыз қанағаттандырылмады. Алайда анасы біздің жазысқан хабарламаларымызды тергеушіге жолдаған", - дейді Максим.

Қылмыстық істі қозғауға жас жігіттің қыз балаға әуретті жері түсірілген фотоларды жолдауы себеп болған. Ал қыздың отбасы бұл жайттан кейін Альбинаны психикалық емханаға жатқызып тастады.

Альбина әлі күнге дейін емханада Максимге хат жазып тұрады. Ол "махаббатын" қорғау үшін бейнеүндеу жариялап үлгеріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519290-maskeude-14-zhastaghy-oqushy-qyz-ozin-azghyr.html