RU

Бүкіл әлем көз тіккен ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанаты басталды (тікелей эфир)

Астанада ел асыға күткен, жылдың ең басты оқиғасы - ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салатанаты басталды. Көрменің ашылу салтанатын NUR.KZ порталы тікелей эфирде назарыңызға ұсынады.

22.41. Айтулы шараның ашылу рәсімі де аяқталды. Бізбен бірге болғандырыңыз үшін рахмет! 

ЭКСПО жаңалықтарын NUR.KZ порталынан бақылап жүріңіздер.

22.32. Мінекей, көрерменді күттірген отшашу.

22.29. "Нұр Әлем" сферасында шоу басталды.

22.16. Құрметті қонақтар келген соң мультимедиялық шоу басталмақшы. Бұл ғажайып санаулы минуттардан соң көрсетіледі деп уәде берді.

21.55. Ашылу рәсімінің ресми бөлігі аяқталды. Қонақтардың барлығын амфитеатрға салтанатты концерт көруге шақырды.

21.41. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғысөз сөйлеп жатыр.

21.24. Көрмеге қатысушы 115 ел байрақтарының шеруі. Сондай-ақ, ауқымды шараға 22 халықаралық ұйым қатысып жатыр.

21.18. Салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туын алып шықты. Бұл сәтті залдағы көрерменнің бәрі орындарынан тұрып қарсы алған. Ұлттық әнұранымыз да шырқалды.

21.09. Опера әншісі Мария Мудряк "Япырай" әнін орындап, халықтың қошеметіне бөленді.

21.03. Расымен де, таңдай қағарлық көрініс. Қоюшы-режиссер: Вячеслав Кулаев.

20.50. Сахнада қалықтап тұрған алтын және күміс түстес шарлар көздің жауын алады. "Жіпсіз ілінген секілді", - деп атап өтті жүргізушілердің бірі.

20.43. Ашылу салтанатының  ресми бөлімі бастау алды.

20.34. Санаулы минуттардан соң көрермен назарына таңғажайып шоу ұсынылмақ.

Сағат 22.25-ке отшашу жоспарланғанын естеріңізге саламыз.

20.30. Мемлекет көшбасшылары бірігіп суретке түсті.

20.27. Әр елдің басшылары Конгресс-холлға кіріп келді. Көңіл-күйлері жақсы секілді.

19.18. Бізге әдемі ұлттық көйлектер киген қыздарды және көрме аймағының көріністерін көрсетіп жатыр.

Ал, ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанаты сағат 20:17-де басталды.

Егер видео ашылмай жатса, бетті жаңартып отыруды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519345-bukil-alem-koz-tikken-ekspo-2017-kormesin.html