RU

Оралда ит соятындар тұрғындарды шошытып отыр (фото)

Алена Пригубова есімді Орал қаласы тұрғынының мамыр айында жоғалған лабрадор тұқымды итін іздеп жүріп, ит соятындардың барына куә болған деп жазады Жайық Пресс.

Итін іздеген Алена айналасынан сұрастыра келе өзі тұратын «Самал» шағынауданындағы «Рябинка» саяжай қоғамдастығында күзетші болып істейтін ұлты кәріс Игорьмен сөйлеседі. Әңгімеге араласқан күзетшінің әйелі Аленаның итін Владимир Палихов деген таныстары алып кеткенін, оның қай жерде тұратынын айтып қалады.

«Айгүл» шағын ауданында тұратын Владимирдің үйіне аға-жеңгемді, достарымды ертіп бардым. Есікті қызы ашып, әкесінің жоқ екенін айтты. Сыртқа шығып, көршілерін әңгімеге тарттым. Татьяна Кузеева есімді көршісі оның ит аулаумен айналысатынын растап, «Победа» гаражында иттерді қамап ұстайтынын жеткізді", - дейді Алена.

Тағы оқыңыздар: Алматылық бизнесмен екі айдың ішінде түйелеріне қазақша үйретіп тастады (фото, видео)

Олар айтылған гаражға барғанмен онда ешкім болмайды. Гараж маңындағы қоқыс жәшігінен иттердің басы, шашылып жатқан жүні мен сүйектерін көреді. Сол айналада жүрген балалардың біріне болған жайды баяндап, Владимир гаражға келгенде хабарласуын сұрап, телефон нөмірін қалдырып кетеді.

«Владимир келді» деп балалар телефон шалды. Қайтып барып Владимирмен кездестік. Менің лабрадор тұқымды итімді өзінің алып бара жатқанын көргендер барын жеткіздім. Владимир болса ондай қымбат тұқымдас иттер болмағанын, өзінің тек өлген иттерді ақшаға сойып беретінін айтты. «Игорьдің әйелі Татьяна бұл әңгімені ойдан шығарған» деп жауап берді. Содан біз Владимирдің гаражын қарауға рұқсат сұрап, ішіне кірдік. Гаражынан итті іліп соятын құралдарды, терісін, бір табақ қан мен қан-қан пышақтарды көріп шошып кеттік. Бірақ соңғы сойылған иттің терісі менің лабрадорыма ұқсамады", - дейді Алена.

Ал Владимир итті бөлшектегені үшін 1000 теңге ақша алатынын мойындаған.

Басылым оқиғаны толығырақ білу үшін облыстағы «За жизнь!» қоғамдық қозғалысының төрайымы Юлия Асиновсковаға хабарласқан.

"Біз екінші күні барғанда Владимир Палиховке тиесілі гараждан атылған оқтың гильзасын таптық. Ол итті атып алып, кейін соятынына біздің көзімізді жеткізді", - дейді Юлия Сергейқызы.

Ал осы сойылып жатқан иттердің еті қайда кетуі мүмкін?!. Итін жоғалтушылар сатылымдағы тартылған етпен бірге таралуы мүмкін деп қауіптенеді.

Тағы оқыңыздар: Астаналық таксист қыз өзіне 5 мың теңге берген шетелдік қонақтың ақшасын алмай қойды

Ал тартылған етті қандай жағдайда тұтыну керектігі Орал қалалық ветеринариялық бөлімнің басшысы Рафик Лұқпанов айтып берді.

"Біз Орал қаласындағы 16 базардың барлығын қадағалап отырмыз. Барлық ет өнімдері тексеріліп кіргізіледі. Бірақ, дүкендер мен супермаркет, гипермаркеттердегі сөрелердегі саттықта тұрған ет өнімдерін тексере алмай отырмыз. Оның ішінде не болып жатырғаны белгісіз. Алдағы уақытта тексеру жөнінде прокуратураға хат жазып отырмын.

Фаршты дайын күйінде сауда сөресіне қоюға болмайды. Тұтынушы алдымен етті таңдап, сосын тартып беруді сұрағанда ғана дайындап беруге сатушыларға рұқсат берілген", - дейді қалалық ветеринариялық бөлімнің басшысы Рафик Лұқпанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519696-oralda-soyatyndar-turghyndardy-shosht.html