RU

Астаналық таксист қыз өзіне 5 мың теңге берген шетелдік қонақтың ақшасын алмай қойды

Оқырман Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне келген қонқтарды тасып, олардан бір тиын ақша алмайтын сіңлісінің оқиғасын NUR.KZ порталына айтып берді.

"Сіңілімнің игілікті ісін айтып, сіздермен бөліскім келеді. Оның ЭКСПО-ға келген елорда қонақтарын тегін тасып жүргеніне бірінше күн болды", - деп әңгімесін бастады оқырман.

Жомарт жанның есімі Арай екен. Автордың айтуынша, барлығы әпкесі шетелдік қонақты жұмысынан кейін қалаған жеріне апарып салудан басталаған екен.

Тағы оқыңыздар: Алматылық бизнесмен екі айдың ішінде түйелеріне қазақша үйретіп тастады (фото, видео)

"Қалаған жеріне жеткен қонақ қалтасында майда ақша жоғаны айтып, оған 5000 теңге берген. Алайда Арай шетелдік қонақтан ақша алмауды жөн санаған. Бұған аң-таң болған шетелдік бойжеткенге алғысын жаудырып, бірге селфи жасауды өтінген", - деп сіңлісінің оқиғасын айтқан қыз Арайдың неліктен мұндай қадамға барғанын да түсіндіріп өтті.

"Ол қала қонақтарын тегін жеткізуді жөн деп тапқан. Себебі Арайды шетелдік қонақтан 40 мың теңге алған таксистің оқиғасы қатты таңғалдырды. Ертесіне жұмыстан кейін ол тағы үш қонақты тегін жеткізіп салды. Қазір ол өз жұмысын жалғастыруда. Арай өз ісін сүйетін ақкөңіл, мейірімді жан", - дейді автор.

Астаналықтың ойынша, мұндай игілікті істер қоғамда одан әрі жалғасын таба бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519724-astanalyq-taksist-qyz-ozine-5-mynh-tenhge.html