RU

Ерке Есмахан болашақ жарына ән арнап, елді таңғалдырды (видео)

Әнші Ерке Есмахан өзінің сүйіктісін іздеп жүргенін айтып, жарты әлемге жар салды. Әнші сүйіктісіне "Қайда?" деп аталатын әнін арнап, елді қызықтырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Күні кеше әнші "Қайда?" деп аталатын әніне арнап түсірілген бейнебаянын жарыққа шығарды. Бейнебаян жарты күн ішінде 180 000 қаралым жинып, 1000-ға жуық желі қолданушысы пікір қалдырған.

Бейнебаянда ол сүйіктісін күтіп жүрген қазақ аруының бейнесін сомдаған.

Желі қолданушылары бейнебаяндағы Еркенің сәнді киімдеріне назар аударып, оны өте сәтті шыққан туынды деп бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519738-suyiktisine-arnaghan-erke-esmakhan-zh.html