Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бір күнде суға кетіп, ажал құшқан үш оқушыға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

1 маусым - балаларды қорғау күнінде бір мезетте суға кетіп, ажал құшқан ақтөбелік оқушылардың өліміне ұстаздары әл күнге дейін сене алмайды деп хабарлайды Керек Инфо сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 1 маусым күні түскі сағат төрттер шамасында болған. Балалар "Керуен сити" ойын сауық орталығының маңынан ағып жатқан өзеннің тереңдігін тексермек болады. Балалар өзеннің жиегіне түсіп, аяқтарын батырып көреді. Сол кезде Сәлімнің аяғы тайып суға батып кетеді. Оны құтқармақ болып Ернат, артынша Шыңғыс суға секіріпті.

Болған жағдайға куә болған Нұржан жан-жағына көмек сұрап айқай салады. Жан ұшыра көмек сұраған оқушының жанында адамдар болмапты.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық туристер мінген автобус Түркияда жол апатына ұшырады

Содан Нұржан өзінің анасына, төтенше жағдай департаментіне, жедел жәрдем бөліміне, полиция бөліміне қоңырау шалған. Нұржанның анасы сыныптың ата-аналарына қоңырау шалып бәрін хабардар еткен. Полиция жақын жерде болғасын тез келген. Құтқару қызметкерлері аздап кешігіп келіпті. Құтқару қызметкерлері келгенде бәрі кеш болды. Сазды өзенінен тек қана балалардың мәйітін алып шыққан.

Қайғылы жағдайда ажал құшқан үш жеткіншектің екеуі бала кезінен айнымас дос екен. Балабақшаға бірге барған. Мектепте де бірге оқыпты. Тіпті біреуі басқа мектепке ауысқанда, екіншісі досының соңынан сол мектепке оқуға келген екен.

"Біздің мектептің 8 сынып оқушылары Ернат Жасқайратов, Шыңғыс Нұрғазы сабақты жақсы оқитын. Достыққа адал, үнемі жан-жағына көмек беріп жүретін оқушылар еді", - дейді №31 қазақ орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ақтоты Сұлтанова.

Мектеп басшылығының айтуынша, Ернат спортқа бейім болған. Футбол ойнағанды ұнатады екен. Әдебиет сабағын жақсы көріпті.

"Ернатты анасы тәрбиелеп отыр еді. Артында 2 сыныпта оқитын қарындасы мен анасы қалды. Ал Шыңғыс ағылшын, география, информатика пәндерін жақсы көріп оқитын. Шыңғыс үйдің жалғыз баласы еді. Анасы вахтамен жұмыс істейді. Шыңғысты ата-әжесі бағып, тәрбиелеп отырған. Оқиға болған күні анасы жұмыста екен. Шыңғыс атасына қоңырау шалып, "Керуен сити" ойын-сауық орталығына ойнап, қыдырып қайтамын деп рұқсат сұраған. Атасы сол күні жұмыста болады. "Жұмыстан келгесін бірге барамыз, мені күт" деген екен атасы. Алайда Шыңғыс ертерек кетіп қалған. 9 сыныпқа көшкенде Шыңғысты ғылыми жобаларға, олимпиадаларға ұсынсақ деген ойымыз болып еді. Бұлай боларын кім білген?" - дейді Ақтоты Сұлтанова.

Ұстаздарының айтуынша, Нұржан салмақты, көп сөйлемейтін, ұяңдау бала екен. "Болған қайғылы жағдайдан соң қазіргі жағдайы қиын" дейді ұстаздары. Көз алдында екі бірдей досы, бауыры суға батып кеткенін көру кімге болса да оңай соқпасы анық.

"Шыңғыс пен Ернат екеуі бала кезден дос болған. Бір балабақшаға барып, бір мектепте, бір сыныпта оқитын ажырамас дос еді. Енді міне екеуін бірге ажал алып кетті. Шыңғыс пен Ернаттың отбасы балаларды бір жерге жерлеген. Қайғылы жағдай ең алдымен оқушылардың отбасына өте ауыр тиді. Бізге де оңай емес, әлі күнге сене алмаймыз", - дейді №31 мектептің ұстаздары.

Мерт болған үш жеткіншектің бірі Сәлім Аяберген №21 мектептің 7«Ә» сыныбында оқитын. 1 маусым балаларды қорғау күнінде Сәлім өзінің туысқан ағасы Нұржанмен, оның сыныптас достары Шыңғыс, Ернатпен орталық саябаққа қыдыруға шығады. Бірақ, мерекенің соңы ауыр қайғыға ұласты.

Тағы оқыңыздар: Астаналық таксист қыз өзіне 5 мың теңге берген шетелдік қонақтың ақшасын алмай қойды

"Сәлім ата-анасының мәпелеп өсіріп отырған ұлы еді. Мінезі ашық, жылы шырайлы, көргенде үнемі сәлемін беріп жарқырап жүруші еді. Өзі сабақты жақсы оқитын. Ағылшын пәнін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқыды. Мектепте түрлі шараларға қатысып жүрді. Ұйымдастырушылық қабілеті өте жақсы. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын оқушы. Мезгілсіз келген қайғылы қаза бәріміздің қабырғамызды қайыстырды", - дейді Ақтөбедегі №21 үш тілде оқытатын орта мектеп-гимназиясының директоры Маржанкүл Тойшыманова.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті суға кеткен үш жеткіншектің өлімінің себебі анықталған жоқ дейді. Құтқарушылар қала тұрғындарына балаларға сақ болуын ескертеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1519784-aqtobede-bir-kunde-sugha-ketip-azhal-qush/

pixel