RU

Қостанайлық дәрігерлер оқушының асқазанынан бір уыс шаш алды (фото)

Қостанай облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер 16 жастағы қыздың асқазанынан 30 сантиметр болатын бір уыс шаш алды деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Бас дәрігер Игорь Белобржицкийдің айтуынша, қыз бала өзін осы жылдың басында-ақ жайсыз сезіне басатаған. Оның асқазанының айналасы ауырып, лоқси беретін болған.

Тексеріс барысында оқушының асқазанында шаштың бары анықталған.

Тағы оқыңыздар: Сапарбаев мектеп жасындағы қыздарын қап-қара киіндіріп қоятындарға шүйлікті

Хирургтың айтуынша, қыз бала шашты бірнеше ай жеген болуы мүмкін.

Ол қазір ауруханада жатыр. Жасөспіріммен психолог жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519838-qostanaylyq-darigerler-oqushynynh-asq.html