RU

ЭКСПО-2017 көрмесіне 400 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін салуға және түрлі шараларды өткізуге 400 млрд-қа жуық теңге немесе 1 млрд 300 млн доллар жұмсалған.

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Халықаралық көрмені өткізуге қанша қаржы жұмсалғанын айтуға әлі ерте. Біз бұл санды міндетті түрде айтамыз. Бірақ осы уақытқа дейін «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге 400 млрд-қа жуық теңге жұмсалды. Бұған барлық атқарылған жұмыс кіреді. Егер мұны доллармен есептесек, 1 млрд 300 млн», - деді төраға.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанда жүрген Сербия президенті отбасындағы айтулы оқиғаны жіберіп алды

Естерiңiзге сала кетсек, «ЭКСПО» көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуда. Көрме «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1519904-ekspo-2017-kormesininh-basshylyghy-kormege.html