RU

Анасын өз қолымен босандырып алған 12 жасар қыздың әрекеті таңғалдырды (фото)

Анасын өз қолымен босандырып алған 12 жасар қыздың әрекеті әлем жұртын таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

12 жастағы Джэйсидің анасының дәрігері қызды босану сәтіне куә болуға шақырған.

6 маусым күні Миссисипи тұрғыны өзінің үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Оны өзінің 12 жастағы қызы Джэйси босандырып алған. Анасының жағдайына қатты алаңдап тұрған кішкентай қызды көрген дәрігер оны өзіне шақырып, бұл сәтті өз көзімен көру туралы ұсыныс жасады.

Уолф есімді дәрігер қызға қандай әрекет жасау керектігін айтып отырған. Аз уақыттан соң салмағы 3 3350 грамм болып, оның інісі дүниеге келген. Джэйси дәрігердің көмегімен оның кіндігін кескен.

Бұл жағдайды көріп тұрған оның әкесі Зак мұның барлығын камераға түсірген. Бұл суреттерді желіге салған әнші Никки Смиттің жазбасы аз уақыттың ішінде 190 мың лүпіл жинап, желі қолданушылары жзабаны 170 мың рет бөліскен.

Тағы оқыңыздар: Астанаға қыдырып келген қонақтар тамақтанатын жер таппай, "аш" қалғанын айтты (фото)

"Мен бұрын дәрігер болып ойнайтынмын. Ал енді бәрін өз көзіммен көрдім. Қатты састым", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520044-anasyn-oz-qolymen-bosandyryp-alghan-12-zha.html