RU

Астананы жартылай жалаңаш күйінде кезіп жүрген ЭКСПО қонақтары таңғалдырды (фото)

Бүгінде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің түкпір-түкпірінен алуан түрлі қонақтар ағылуда. Алайда қала көшелерімен серуендеп жүрген жартылай жалаңаш африкалықтар қала тұрғындарына таңсық болып көрінді деп хабарлайды NUR.KZ.

Facebook әлеуметтік желісінде Астанаға келген ерекше қонақтардың суреті жарияланды. Оны желіге жүктеген Асылан Омаров есімді желі қолданушысы:

"Жетіскен екенбіз қонағымызға. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа", дегенмен, еңгезердей еркектердің бұтын ашып жүргені ерсі екен. Көне бір Джунглида жүргендей Астананың бойымен саспай алшаң басып келеді", - деп жазды.

Ал желі қолданушылары болса, бұл суретке позитивті пікірлерін қалдырды.

Тағы оқыңыздар: Астанаға қыдырып келген қонақтар тамақтанатын жер таппай, "аш" қалғанын айтты (фото)

"Қонақ қой, жүре берсін", "Қыста келсе, қатып қалар еді", - деп әзілдеді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520077-ekspo-qonaqtary-astanany-zhartylay-zha.html