RU

Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда екі автобус, төрт көлік апатқа ұшырады (фото)

Алматыда автобустардың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі автобус пен төрт жеңіл көлік соқтығысып, нәтижесінде бірнеше адам зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жол апаты Алтынсарин көшесінің бойында, Қуанышбаев пен Ұлықбек көшелерінің ортасында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, №124 автобустың тежегіші істемей қалуы мүмкін. Жүйткіп келе жатқан автобус BMW көлігіне келіп соғылып, көлік №63 автобусқа барып соғылған.

Ал №63 автобус жол жиегінде тұрған төрт көлікке барып соғылып, нәтижесінде BMW көлігіндегі үш адам зардап шекті.

Оларды шығару үшін құтқарушылар көлікті кесуге мәжбүр болды.

Тағы оқыңыздар: Сәтпаев қаласында пойыз кішкентай бүлдіршінді таптап кетті (видео)

Аталған көліктегі жолаушыларды ауыр жағдайда ауруханаға алып кетті.

Сонымен бірге автобус жолаушысы да зардап шегіп, оған медициналық көмек көрсетілді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520136-zhanturshigerlik-zhol-apaty-almatyda-ek.html