RU

ЭКСПО-да тосын жайт: Белгісіз ер адам Түркіменстан басшысына тұра ұмтылды (видео)

ЭКСПО-ның алғашқы күні көрме аумағында жанжал шықты. Өзбекстан президентіне шағым айтпақ болған қазақстандық арнайы күзетке қарамастан президентке тұра ұмтылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы өзінің Facebook желісінде журналист Ботагөз Мақыш хабарлады.

"Мына аға ЕХРО-ның алғашқы күні мерекенің шырқын бұза жаздады. Түркіменстан елінің павильонын ашқан түркіменбашыны Өзбекстан президентімен шатастырған ол қолындағы арнайы жазған хатын ұсынамын деп күзеттің бөгетін бұза-мұза алдынан атып шықпақ болды. Онсыз да әр көлеңкеден күдіктеніп жүрген күзет шағымы бар шалды президентке жеткізбей, орта жолдан алып кетті.

Таң атпай мұндайды күтпеген күзетшінің бірінің тіпті тапаншасы жерге түсіп қалды. Осынша жауапты шарада саяси маңызды тұлғаға не шағыммен жүгінбек болды екен деп жақындай барғанымда бейшара қария басына түскен іспен бөлісіп үлгерді", - деп жазды журналист.

Тағы оқыңыздар: Сәтпаев қаласында пойыз кішкентай бүлдіршінді таптап кетті (видео)

"Айтуынша, өзі Өскемендікі. Мүгедектігіне байланысты пәтер кезегінде тұрғанына 12 жыл болыпты. Баспана әлі бұйырмаған", - деген олегде тартқан кісінің қайын жұрты өзбек болғасын, мәселесін шешуге Өзбекстан президенті көмектесер деген үмітпен келгенін айтты.

"Алайда, құрметті қонаққа хатын ұсынбақ түгілі маңайына да жолай алмаған азаматты арнайы күзет пен тәртіп сақшылары белгісіз жаққа алып кетті. Айтқанының рас-өтірігі белгісіз", - деп сөзін түйіндеді Ботагөз Мақыш.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520179-ekspo-daghy-zhanzhal-belgisiz-er-adam-ozb.html