RU

Екі күйеуіне бір-бір үйден берген Шахизада байлыққа толы өз үйін көрсетті (фото)

Екі үйін де бұрынғы күйеуіне бере салып, жомарттығымен елді таңғалдырған Шахизада өзінің хан сарайындай зәулім үйін көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәні мен салтанаты жарасқан бұл баспана әншінің бесінші үйі екен. Бұған дейін екі күйеуіне де бір-бір үйден тастап кеткен Шахизаданы ел жомарттығы үшін жақсы көріп қалған болатын.

Әншінің айтуынша, ол жаңа үйінің дизайнын өзі жасаған.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-да тосын жайт: Белгісіз ер адам Түркіменстан басшысына тұра ұмтылды (видео)

"Үй салу, оны әдемілеу деген үлкен уақытты, күш-қуат пен сабырлықты талап етедеі", - деді әнші.

Оның үйіндегі жиһаздардың түсі де үйлесімділікпен таңдап алынған.

Шахизада үйіндегі ыдыс-аяқтарды өзі сатып алмайтынын айтады.

Гастрольдік сапарларға шыққанда оны құрмет тұтатындар әншіге қымбат хрустальдар сыйға тартады екен.

Ақ түсті асхана жиһазы мен қонақ бөлмесінің де сәйкес келеді.

Тағы оқыңыздар: Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда екі автобус, төрт көлік апатқа ұшырады (фото)

Естеріңізге салсақ, отандық арналардың біріне берген сұхбатында жалғыз ұлы Олжас пен келінінің бөлек тұратынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520191-eki-uyin-kuyeulerine-bere-salghan-shakhi.html