RU

Қырғызстанда жергілікті тұрғындар шетелдік студенттерді тізерлетіп, кешірім сұратты (видео)

Қырғызстанда жергілікті тұрғындар шетелдік студенттерді тізерлетіп қойып, кешірім сұратты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы HTC ТРК телеарнасында айтылды.

Бұл жайт Қырғызстанның Нарын қаласында болған. Орталық Азия Университетінің студенттері жергілікті тұрғындардан тізерлеп тұрып, кешірім сұрады.

Бұған себеп 27 мамырда болған баскетбол жарысы кезіндегі жаппай төбелес болған. Жарыстан соң аталған университет студенттері жергілікті ұрып-соққан делінген. Ал 8 маусым күні Нарын қаласы жастары университетке жиналып, тұрғындарды ұрып-соққан студенттерді жазалап, оларды елден көшіріп жіберуді талап еткен болатын.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-да тосын жайт: Белгісіз ер адам Түркіменстан басшысына тұра ұмтылды (видео)

Бұл шара кезінде жиналғандардың бірі студенттерге үстел лақтырып, кінәлі студенттер мен кейбір оқытушылары тізерлеп тұрып, кешірім сұраған.

Бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған. Істі Қырғызстан премьер-министрі өзінің қарамағына алған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520215-qyrghyzstanda-zhergilikti-turghyndar-sh.html