RU

ЭКСПО-ға Сингапур елін бастап келген басшы "Әзірет Сұлтан" мешітін көріп, таңғалды (фото)

«Экспо 2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына келген Сингапур елінің ұлттық делегация басшысы, парламент төрағасы Халима Якоб Астана қаласын аралап, көрікті жерлерін тамашалауды ең алдымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен бастаған жөн санапты деп хабарлайды Muslim.kz.

Еліміздің бас мешітіне арнайы ат басын тіреген құрметті қонақтарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қарсы алып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әдемілігіне ерекше таңданыс білдірген Халима Якоб құлшылық ордасындағы жәдігерлерге де жоғары бағасын беріп, тіпті, суретке де түсіріп алды.

Сондай-ақ, мешіттегі жазғы сауат ашу курсының сабағына қатысып, балдырғандармен пікір алмасты.

Тағы оқыңыздар: Бас жүлдесі 50 000 долларға тең Астанадағы аламан бәйге қалай өтті? (фото)

Суреттер Muslim.kz сайтынан алынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520413-ekspo-gha-singapur-elin-bastap-kelgen-b.html