RU

Жапониядағы қазақ қызы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықпайтынын кесіп айтты (фото)

Оралдан Жапонияға оқуға барған Айнаш Ғарифуллина "Күншығыс" елінің ерекшеліктері туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жапониядағы сыпайылық

24 жастағы Айнаш Ғарифуллина Оралда туып-өскен. Жапонияның Окинава университетіне оқуға түскен ару "Күншығыс" елінің ерекшеліктеріне таңғалған.

"Бір күні қарапайым шәйнек алу үшін дүкенге бардық. Ол кезде жапон тілінде тек шай деген сөзді білетінмін. Дүкен сатушысы бұл сөзімнен кейін маған шай сервизін ұсынды. Мен бас тартайын деп едім, ол сондай сыпайы болып, қайта-қайта басын ие берді. Мен ұялғаннан керек болмаса да, шай сервизін сатып алдым. Оны әлі күнге дейін пайдаланған емеспін", - дейді бойжеткен.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға Сингапур елін бастап келген басшы "Әзірет Сұлтан" мешітін көріп, таңғалды (фото)

Айнаш өзін жапондықтармен салыстырғанда шулы әрі әдепсіздеу сезінгенін алға тартты.

"АҚШ-та мені тым тыныш болғасын ешкім естімейтіндей көрінетін. Алайда Жапонияда мен өзімді керісінше шулы әрі әдепсіздеу адам сезіндім. Жапондықтар тым аз әрі ақырын сөйлейді. Біздің де елімізде халық сыпайы бола түскенін қалаймын. Оралдағы он күнде мен Жапониядағы бір жылда естімеген дөрекіліктерге тап болдым", - дейді ол.

Студент қыз жапондықтардың тұйық екенін де жасырмады.

"Халқы өте тұйық. Жеке өміріне ешкімді араластырмайды. Көшеде, тіпті жастардың танысып жатқанын көрмейсің. Абайсызда біреуді итеріп кетсең, ол да басын иіп, саған тым жақын болғаны үшін кешірім сұрай бастайды", - дейді Айнаш.

Жапондықтар жол сұрасаң көрсетіп қана қоймай, керек жеріңе дейін шығарып салады екен. Алайда жол бойы сізге тіс жармауы мүмкін. Айнаш жапондықтардың тазалығына тәнті болған.

"Окинавада пластикалық шөлмектерді, консерві банкаларын, азық-түлікті, киімдерді, батарейкаларды, металдарды іріктеп, жеке-жеке лақтырады. Оларды лақтырмас бұрын жақсылап жуып-тазалайды. Олар жағажайды да таза ұстайды", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Ресейде қажылыққа бара жатқан автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады (видео)

Студент қыз жергілікті халықтың өзге де ерекшеліктерін тізбектеді.

"Жапонияда көшеде ішуге болғанымен, темекі шегуге болмайды. Банкоматтар сағат кешкі алтыдан кейін жұмыс істемейді. Бұл тұрғындарды кешкілік уақытта тоналмауы үшін жасалған шара екен. Окинавада жұмыс уақыты таңғы тоғыздан кеші беске дейін. Алайда банктер тек түскі үшке дейін жұмыс істейді. Үлкен қалаларда жұмыс күні түнгі онға дейін созылып жатады. Жапондықтар кешкі асынан кейін қайтып келіп, жұмысын жалғастырады. Олардың жұмыста ұйықтауы әбестік саналмайды. Тіпті көз шырымын алуға жұмыста арнайы бөлме бар", - дейді бойжеткен.

Айнаш жапондықтарды өзге елдің шаруасы қызықтырмайтынын және олардың елімізде ЭКСПО өтіп жатқанынан хабарсыз екенін жасырмады.

Бойжеткен Жапонияда жүргізуші куәлігін алу оңай еместігін айтуда.

"Ол жерде жүргізушілікке үйрену көлік сатып алудан қымбатқа түседі. Ал жүргізуші куәлігін сатып алуды, тіпті армандамайсыз. Елде жүргізуші куәлігін алуға өте қатал қарайды. Сол себепті болар, Жапонияда тоғыз айдың ішінде бірде-бір рет жол апатын көрген емеспін", - дейді Айнаш.

Жапондыққа тұрмысқа шықпаймын

Бойжеткен жапон жігіттерінің өте ұяң әрі сыпайы екенін, ал келбеті қазақтарға келетінін айтуда. Елде әйелдерге үлкен құрметпен қарайтындықтан, зорлық-зомбылық өте сирек кездеседі екен.

"Жапонияда ер адам - қорған, ал әйел - нәзік жанды екенін байқататын фестивальдар өте көп", - дейді ару.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал әнші түркиялық бизнесменге бола, италиялық жігітін тастап кетті (фото)

Айнаш оқуы біткесін еліне оралатынын алға тартты.

"Мен өз туған жерімді қатты жақсы көремін. Оқуым біткесін Қазақстанға қайтып оралғым келеді. Жапондыққа тұрмысқа шығуға келсек, жоқ дер едім. Мен патриот болғандықтан, отбасымды туған жерімде құрғым келеді", - дейді бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520442-zhaponiyadaghy-qazaq-qyzy-zhapon-azamaty.html