RU

Отандық танымал әнші түркиялық бизнесменге бола италиялық жігітін тастап кетті (фото)

Қазақстанның танымал әншісі Әдемі мен әлемге танымал италиялық әнші Вальтер Ричидің үйлену тойы болмайтын болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Маусым айының басында Түркия елінде қонақта болған отандық әншіге жергілікті бизнесмен қолы мен жүрегін ұсынған. Түрік азаматы әншінің көңілінен шықса керек, Әдемі оған мүмкіндік беруді жөн санаған деп жазады "Время" басылымы.

"Осы жолы жүрегім кәдімгідей дір етті! Ол мені ер адам ретінде жаулап алды. Ол мейірімді, қарапайым, қамқор бола білетін жан екен. Мен дәл осы қасиеттерді ер адамдардың бойында болғанын қалайтынмын.

Ол маған: "Барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен сенің күн көру үшін ақша тауып, тым көп еңбектенгеніңді қаламаймын. Сен тек қалағаныңша өз шығармашылығыңмен ғана айналыс", деді.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға Сингапур елін бастап келген басшы "Әзірет Сұлтан" мешітін көріп, таңғалды (фото)

Ал Вальтерге келетін болсақ, ол ер азамат ретінде әлі есейген жоқ. Одан "сен тамақ іштің бе, сенде бәрі жақсы ма" деп сұрап отыруға мәжбүр едім. Өзі әлі бала секілді болатын. Мені кез-келген әйел түсінеді деп ойлаймын", - дейді әнші.

Әдемі түркиялық кәсіпкермен Белек қаласына "Евразия-2017" сұлулық байқауына әділқазы әрі арнайы қонақ ретінде барғанда танысқан.

Бизнесмен Әдеміні бассейннің қасында көргенде, оның танымал әнші екенін білмеген. Тек өзін баурап алған қыздан көзін алмай қарап тұрған екен.

Олар танысқаннан кейін бірнеше күннен кейін бизнесмен Әдеміге қолы мен жүрегін ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520452-otandyq-tanymal-anshi-turkiyalyq-bizne.html