RU

Баян Есентаева тұрмысқа махаббатсыз шыққанын мойындады (видео)

Танымал продюсер Баян Есентаева отандық блогер Ержан Рәшевке сұхбат беріп, өзінің өмірі жайында ашық айтып берді. Ол өзінің жазып жатқан кітабында Бақытбек Есентаевты сүймегенін айтты.

Сұхбат Рашевтің Facobook желісіндегі парақшасында тікелей эфирде болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Блогердің айтуынша, Баян өзінің кітабында Бақытбекке деген еш сезімі болмағанын, 22 жыл бойы махаббатсыз ғұмыр кешкенін айтты. 

«Кітапта барлығы шынайы түрде жазылған. Мен барынша шынайы әрі ашық болуға тырыстым. Жалпы, мен өтірік айтуға жоқпын. Өмірімде орын алған жайттың барлығы да өтірік айта алмауымның салдарынан болды.

Көп адамдар маған ұрсып, "ақылдырақ бол, жұмсағырақ бол" деп жатады. Көптеген келіншектер тұрмыста болса да, түрлі әрекеттерге барады. Мұндай әйелдер көп, ал мен олай істей алмаймын.

Тағы оқыңыздар: Ресейде қажылыққа бара жатқан автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады (видео)

Істей алмаймын, істегім келмейді де. Өз өзімді алдағым келмейді. Осы 22 жыл бойы бұрынғы күйеуіммен де барынша шынайы болуға тырыстым. 22 жыл бойы оның алдында арым таза болды", - деп ағынан жарылды Баян.

Ол ешкімді алдамағанын айтты.

«Бұрынғы күйеуім жар ретінде өте жақсы адам болды дегенім де өтірік емес. Қазір де сол пікірімде қаламын", - деді продюсер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520496-bayan-esentaeva-turmysqa-makhabbatsyz.html