RU

Танымал қазақстандық көріпкелді Федералдық қауіпсіздік қызметі тексеріп жатыр

Танымал қазақстандық көріпкелді Федералдық қауіпсіздік қызметі тексеріске алған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көріпкел Кажетта Ахметжанова Мәскеуде өз кеңсесін ашып, мыңдаған тұрғынға қызмет көрсетуде. "Көріпкелдер шайқасының" алтыншы маусымында жеңіске жеткен Кажетта өзінің талай тексерістен өткенін алға тартты. Ғалымдар мен психологтар оны жіті бақылап отырады екен.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал әнші түркиялық бизнесменге бола, италиялық жігітін тастап кетті (фото)

Ал жақында көріпкелге, тіпті Федералдық қауіпсіздік қызметінің өкілдері келіп, тексеріске алыпты.

"Олар менің ерекше қабілетім барын мойындап кетті", - дейді Кажетта.

Бақсының айтуынша, ол Балқаш маңындағы кішігірім ауылда дүниеге келген сәтінде жер сілкінісі болған. Алайда ол алғаш жылағанда, жер сілкінісі тоқтап қалған көрінеді.

Жануарлармен және тастармен бала кезінен тілдесе алатын көріпкел бұл қабілетін анасына да айтпағанын жасырмады. Кажетта тастар арқылы адамның болашағын көре алады екен.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520498-tanymal-qazaqstandyq-koripkeldi-res.html