RU

Сапарбаев Ақтөбенің бұрынғы әкімдері үкіметті қалай алдап келгенін ашық айтты

Бердібек Сапарбаев Ақтөбенің осыған дейінгі әкімдерінің үкіметке қандай жалған ақпараттар бергенін айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Осыдан екі жыл бұрын үкіметке қағаз барған: «Ақтөбе облысында бірде-бір апаттық жағдайдағы, үш ауысымда оқитын мектеп жоқ" делінген. Мен өзім талай араладым. Құлыппен жабылып тұрған, оқуға болмайтын мектептерді көрдім. Екінші қағаз барған, онда: «Ақтөбе облысына суармалы жер керек емес» деген. Мен үкіметке «Суармалы жерді көбейту керек» деген мәселе қоямын. Олар: «Жоқ, сендерден суармалы жер керек емес деген қағаз келген» дегенді алдыға тартады. Ақтөбе облысында тек қана мұнай болу керек па? Мұнай ертең таусылады, бағасы төмендейді, сонда не істейміз? Алақанымызды жайып отырамыз ба?

Тағы оқыңыздар: Жапониядағы қазақ қызы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықпайтынын кесіп айтты (фото)

Нарық заманында экономиканың барлық саласы даму керек. Бас салып бидай мен арпаны еге беруге болмайды. Мал шаруашылығында да тек қана қой мен сиыр және жылқыға қарап отырмау керек. Құспен, арамен айналысуға болады. Оның барлығы жұмыс, табыс, оның бәрі салық. Сондықтан кәсіпкерлік деген мемлекет басшысының бізге берген ең үлкен тапсырмасы», - деді халықпен кездесуінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі жалқаулар мен арыз жазғыштардың ғана нашар өмір сүретінін айтты.

«Осыдан 25 жыл бұрын қалай өмір сүрдік, қазіргі жағдайымыз қалай? Қазір жалқаулар мен арыз жазғыш еріккендер ғана нашар өмір сүреді. Жұмыс істегісі келмесе не істейміз? Тауып берген жұмысты істегісі келмейді. 30 мың теңгеге, 50 мың теңгеге бармаймын деп отырады», - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520519-saparbaev-aqtobeninh-burynghy-akimder.html