Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Черная касса" ойнауды жақсы көретін шымкенттік құдалар кезекті ойын үшін Италияға аттанбақшы

Опубликовано:

Оңтүстікте гәп ойнауды («черная касса») жақсы көретін құдалар кезекті ойындарын Италия елінде жиналып, атап өтпекші деп жазады Замана басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Оңтүстікте құрдастар, дос­тар, құрбылар, әріп­тестер, құдалар өзара гәп ойнайтын жақсы дәстүр бар. Басқа жерлерде «черная касса» деп атайды. Яғни айына бір рет бас қосып, ішіп-жеп, ойнап-күліп, әңгіменің тиегін ағы­тып, уақытты қызықты өткізу.

"Бұған дейін сыныптас дос­тарымен, бажа-балдыздармен гәп ойнайтындар туралы еститінбіз. Ал жақында бір танысымыз өзінің құдаларымен гәп өткізіп жүргенін айтты", - деп бастады автор әңгімесін.

Тағы оқыңыздар: Жапониядағы қазақ қызы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықпайтынын кесіп айтты (фото)

Құдалар арасындағы гәптің бір артықшылығы, жылына бір рет маусым айында гәптес құдалар шетелге шығып, демалып қайтады, әрі бір-бірімен жақынырақ араласуға мүмкіндік туады екен.

"Яғни кімнің кезегі маусымға түссе, сол құдаларды ше­телге апарып, қыдыртып қайтады. Танысым құдалармен бірге Дубайда, Анкарада, Үндіс­танда болып қайтты. Енді Құдай қаласа, Римге барамын деп жоспарлап отыр", - дейді автор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1520532-chernaya-kassa-oynaudy-zhaqsy-koretin-shy/

pixel