RU

Алматы облысында балдызын зорлап өлтірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысында 17 жастағы балдызын зорлап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы patrul.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

35 жастағы ер адам мас күйде кәмелет жасқа толмаған балдызын зорлап өлтірген. Сот Қаскелең қаласында өтті.

Тағы оқыңыздар: Ресейдің намысын қорғайтын қазақ қызы тағы бір белесті бағындырды

"Мұсылманов Д. "Өзге қылмысты жасыру үшін өлтіру" бабы бойынша және "Кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Қаза болған қыз бала 17 жаста еді. Мұсылманов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонынмен қатар ол он жылға педагогикалық қызметтен және кәмелетке толмағандармен жүргізілетін жұмыстарда қызмет атқарудан шеттетілді. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді", - делінген Алматы облыстық сотының баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, екінші сәуірде Алматы облысының "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 17 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын. Үшінші сәуір күні қызды зорлап өлтірді деген күдікпен 1982 жылғы тұрғын қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520543-oqushy-qyzdy-zorlap-oltirgen-almaty-tu.html