RU

Желіде Төреғалидің қайын жұртымен түскен суреті пайда болды (фото)

Өзінің үйленген-үйленбегенін жасырып, әлек болатын жұлдыздардың қатарында танымал әнші Төреғали Төреәлі де бар екені белгілі. Дегенмен, ел ішінде оның әйелі Толқын Мырзакимова есімді бойжеткен болуы мүмкін деген ақпарат тарап кеткен болатын. Бұл ақпараттың рас-өтірігі белгісіз, алайда желіде Төреғали Төреәлінің қайын жұртымен түскен суреті пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

V kontakte әлеуметтік желісінде Сұлтанбек Мырзаким есімді жігіт Төреғалимен түскен суретін жүктеп, оған "Әзілің жарасса, жезделеріңмен қалжыңдас" деп жазып, Төреғалидің өзінің жездесі екенін аңғартқан.

Бұл сурет 2014 жылы жарияланған.

Бұл суреттен бөлек Сұлтанбек Мырзаким есімді желі қолданушысының парақшасында қызының тұсаукесер тойында түскен суреттері де бар. Онда Төреғалидың анасы Сұлтанбектің қызының тұсауын кесіп жатқан сәті түсірілген.

Одан бөлек әншінің анасы мен әкесі тойда қонақ болып, естелікке суретке түскен.

Тұсаукесер тойы 2016 жылдың күзінде түсірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520580-zhelide-toreghalidinh-qayyn-zhurtymen-tu.html