RU

Атамбаев: Қазақстан секілді көрмеге 3 млрд доллар жұмсасақ, мені өртеп жіберер еді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Астанаға жасаған сапарынан кейін Қазақстанға қатты қызыққанын айтып, ағынан жарылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы knews.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атамбаев еліне оралған соң«Таза коом» атты форумға қатысқан. Ол Астанадағы форум кезінде 3 млрд долларлық көрме кешенінен алған әсерін айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Ресейдің намысын қорғайтын қазақ қызы тағы бір белесті бағындырды

«Егер мен осынша қаражат жұмсасам, мені өртеп жіберетін еді. Бізде кердитке 1 млрд доллар алып, жол жөндеуге жұмсасақ, халық шулап кетеді. Жақында халықаралық көшпенділер ойынына 30 млн доллар жараттық. Ол жарыс та донорлардың есебінен жасалған еді.

Ал халық әлі бұған ашулы. Қазақстанда кешенге деген қарым-қатынас өзгеше. Ол жерде халық билікті қолдайды. Мен, шынымды айтсам, қызығып қалдым. Біз қашан да қаражаты шектеулі ел болып қала бермейміз. Еліміз, тіпті мұнай-газ қорынсыз бай елдер қатарынан табылуы үшін өз сүбелі үлесімізді қосуымыз керек. Бұл ең дұрыс жол", - деді Алмазбек Атамбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520601-atambaev-ekspo-gha-zhumsalghanday-kolem-2.html