RU

Әлемнің екі дүркін гей чемпионы ғашығына тізерлеп тұрып ұсыныс жасады (фото)

Мәнерлеп сырғанаудан әлемнің екі дүркін чемпионы Эрик Рэдфорд ғашығы Луис Фенеромен некесін қидыратынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы rsport.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Канадалық мәнерлеп сырғанаушы Эрик Рэдфорд испаниялық мәнерлеп сырғанаушы Луис Фенероға ғашық болып қалған. Сенбі күні Рэдфорд Instagram желісіндегі парақшасында Фенероға үйлену туралы ұсыныс жасаған сәтінен фотоны жария етті. Жас жігіт ғашығының қолын тізерлеп тұрып сұраған.

Тағы оқыңыздар: Сапарбаев Ақтөбенің бұрынғы әкімдері үкіметті қалай алдап келгенін ашық айтты

"Мен оны өнерде, музыкада жиі көремін. Онымен бірге өмірдің кереметтерін, еркіндік пен бақытты сезінемін. Бұны мәңгілік сезінгім келгендіктен, одан маған үйленуін сұрадым. Ол келісімін берді", - дейді Рэдфорд.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520654-alemninh-eki-durkin-chempiony-atanghan-g.html