RU

Атышулы Амантай қажы ЭКСПО-да не үшін аттан салды? (фото)

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барған Амантай қажы қытайларды үркітіп жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы журналист Ғабит Сапарбеков өзінің facebook парақшасында жазды.

Көрме павильонында "Аллаһу акбар, Сұбхан Алла" деп айғайлаған қажы туристердің таңданысын туғызған. Журналистің жариялаған видеосында Амантай қажы: "Аллаһу акбар! Сұбһан Алла, Рамазан қабыл болсын! Ораза қабыл болсын", - деп аттан салған.

Тағы оқыңыздар: Құмарланып шылым шеккен қазақ бүлдіршін көпшілікті шошытты (видео)

Видеоны көрген желі қолданушылары Амантай қажыны көрме қонақтарын шошытты деп сынады.

"Амантай қажыдан ешкім шошыған жоқ. Керісінше, суретке түсушілер көп болды. Ол кісі Қазақ елі мәңгі жасасын деп батасын берді!", - деп жазады Ғабит Сапарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520716-atyshuly-amantay-qazhy-ekspo-da-ne-ushin.html