RU

Құмарланып шылым шеккен қазақ бүлдіршін көпшілікті шошытты (видео)

Шамамен 5-6 жастағы бүлдіршіннің шылымның тартуы көпшілікті шошытты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде қазақ бүлдіршінінің шылым тартып отырған сәтінің видеосы пайда болды. Онда бірнеше ер кісінің қасында отырған бүлдіршін шылымды құмарланып тартады.

Сол сәтте қасындағы ер кісінің бірі «Әділет» (автор: бүлдіршіннің есімі болуы мүмкін) деп назар аудартса, келесі бірі бейәдеп сөздерді жаудырады. Мұнан соң балақайдың әрекетін айналасындағылар күлкіге балайды.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев: Қазақстан секілді көрмеге 3 млрд доллар жұмсасақ, мені өртеп жіберер еді

Мұны көрген желі қолданушылары бүлдіршіннің денсаулығына алаңдап отыр. Олар балақайдың ата-анасын және оның қасында отырған ер азаматтарды жауапқа тарту керектігін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520751-qumarlanyp-shylym-tartyp-otyrghan-buld.html