Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заманбек Нұрқаділовтің сымбатты немересі туралы не білеміз? (фото, видео)

Опубликовано:

Еліміздегі белгілі қоғам қайраткері марқұм Заманбек Нұрқаділовті халық ерекше ұлтжандылығы үшін жақсы көріп, құрметтейді. Сондықтан оның отбасы, балалары, артында қалған ұрпақтарының немен айналысып жүргені елді қызықтырмай қоймайды. NUR.KZ порталы оның жиені Заманбек Нұрқаділов туралы аз-кем ақпарат ұсынады.

Нұрзаман Нұрқаділов Заманбектің қызының ұлы, яғни жиені бола тұра, нағашы атасының тегін алған.

Ол Instagram желісінде нағашы атасымен бірге түскен суреттерін жүктеп, өзінің Заманбектің жиені болғанын мақтан тұтады.

Бүгінде анасымен бірге мейрамхана бизнесімен айналысатын кішкентайынан ақшаның қайда келетінін біліп өскен. Бұл туралы Құралай Нұрқаділова отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында айтқан болатын.

Жас бизнесмен бизнестен бөлек, түрлі спорт түрлерімен белсенді айналысады.

Оның желідегі парақшасынан шаңғы теуіп, таза ауада демалып жүрген суреттерін көптеп кездестіруге болады.

Дегенмен, оның желідегі парақшасында темекі тартып, сырадан да ұрттаған суреттері жеткілікті.

Соңғы кезде Нұрзаман Нұрқаділов Mersedes Benz Fashion Week секілді өзге ауқымды сән, той индустирясындағы іс-шараларға қатысып жүр.

Күні кеше ол той индустриясы бизнесі де қадам басқанын жазып, елмен бөліскен.

Нұрзаманның көлігі де ел қызығарлықтай қымбат емес екенін айта кету керек. Мәселен, мына BMW маркалы жеңіл көлік оның сүйікті көлігі болған.

Ол бірқатар уақыт білім қуып, Қытайдың Шанхай қаласында өмір сүрген.

Мотоциклмен серуендегенді ұнататын Нұрқаділованың ұлы сәнді көңіл көтеру кештеріне де қонақ болып тұрады.

Сымбаттылығымен ерекшеленетін Нұрзаман сұлу бойжеткендермен де түскен суретімен жиі бөлісіп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1520788-zamanbek-nurqadilovtinh-symbatty-nem/

pixel