RU

Базар ішінде оркестр құрып жарапазан айтқандар жұртқа жақпай қалды (видео)

Шымкенттіктер жарапазанды енді базарда айтып жүр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде бір топ ер азаматтардың базар ішінде жарапазан айтып жүрген сәтінің видеосы пайда болды. Онда қолдарына домбыра және баян ұстаған тұрғындар сауда орнын аралап жүр.

Видео Шымкенттегі "Автонұр" базарындағы жағдай деген атаумен таралған бұл көріністі көрген шымкенттіктердің пікірі екіге бөлінді. Бірі оларды қолдаса, екіншілері жасы келген ер кісілердің ол әрекетін бұрысқа бағалаған.

Тағы оқыңыздар: Құмарланып шылым шеккен қазақ бүлдіршін көпшілікті шошытты (видео)

Айтуларынша, олар тек сылтау етіп, ақша табудың қамымен жүр. Тіпті жарапазан дегенді күндіз айтуға болмайды деп үзілді-кесілді қарсылық танытқандар да бар.

Айтпақшы, кейбір желі қолданушыларының мәліметінше, жарапазан айтушылар тек бір ғана базарды емес, өзге де сауда орындарын аралап үлгеріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521034-orkestr-quryp-bazar-ishinde-zharapazan.html