RU

Элиталы мектеп оқушыларының көбі түбінде нашақор болып шығатыны анықталды

Аризон штаты университетінің ғалымдары элиталы мектеп оқушылары қарапайым оқу орнының оқушыларына қарағанда алкоголь мен есірткіні көбірек пайдаланатынын анықтаған деп хабарлайды  Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ғалымдар жасөспірімдердің мұндай әдеттерін мектептегі қысым мен ақшаға деген жеңіл қолжетімділік салдарынан дейді.

Элиталы мектепте оқу жастардың есірткі мен алкогольге бейімділігін екі есеге арттырады. Мұндай оқу орнын бітірген қыздар есірткіні қарапайым мектеп қыздарымен салыстырғанда үш есеге көп пайдаланады.

Мұндай қорытындыға Аризон штаты университетінің ғалымдары мектеп оқушылары мен түлектерді зерттеу арқылы келген.

Тағы да оқыңыздар: Жапонияда ер азаматтар әйелдерден қалыспай төстартқыш кие бастаған (фото)

Психология профессоры Суния Лутар зерттеудің нәтижесін элиталы мектеп оқушыларының үлкен қысым көруімен байланыстырып отыр.

Жеке мектепке баласын берген ата-ана оны толықтай қарауда жүр деп санап, тәрбиесіне жете көңіл бөлмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521106-elitaly-mektep-oqushylarynynh-kobisi-t.html