RU

Әйелінің біржынысты екенін білген ер адамның әрекеті таңғалдырды (фото)

Екатеринбург тұрғыны әйелі Маринамен (есімі өзгертілген) 20 жыл некеде тұрғаннан кейін өмірін өзгертуге шешім қабылдаған. Ол әйелдерге ынтықтығы бар жарынан айырылмас үшін жынысын өзгертіп, Юлианна атанған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

44 жастағы Юрий Юлианаға айналуын бір жыл бұрын бастаған, ол алдымен әйелдер гормонын ішіп, кейіннен боянып, әйелдер киімін киюге көшкен.

Оның жары Марина әрдайым нәзік жандыларға басқаша сезіммен қарайтын болғандықтан, күйеуінің өзгеруіне қарсылық танытпапты. Оның сөзінше, бұл өз серігіне қайта ғашық болуға мүмкіндік сыйлаған.

Юрийдің айтуынша, ол бала күннен –ақ өзін қыз ретінде сезініп, анасының көйлегін киіп, тырнағын бояпты. Ол өзге трансгендерлер тәрізді өзіне не болғанын түсіне алмаған.

"Мектепте менің сыныптастарым Шварценеггердің суреттеріне қарап, сол секілді шымыр денелі болуды қаласа, мен әдемі қыздардың суретін қарап, солардай болуды армандайтынмын. Әскерден кейін дәрігерге барып, проблемамады айтқанда ол мені түсінбеді. Тіпті мен өзім жыныс өзгерту отасы бар екенін де білмегенмін", - дейді Юрий.

Юрий мен Маринаның бір ұлдары бар. Өзін жайсыз сезінуін қоя алмаған ер адам жарына жынысын өзгерткісі келетінін айтады. Ал 20 жыл отасқан жары болса өз тарапынан бұл ұсынысқа қуана келіскен.

"Мен күйеуіме қолдау көрсеттім. Мен үшін оның денсаулығына зиян келмегені маңызды болды", - дейді Марина.

Юлиана атанып, жынысын өзгерткелі олар өмірлерінің жақсарғанын айтады.

"Мен өзімнен қашуды доғарғанда өмірім жақсара бастады. Мен қазір шынымен бақыттымын ", - дейді Юлиана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521232-ayelderdi-unatatyn-zharymen-nekesin-s.html