Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшадан тарыққан алматылық бойжеткен 2 млн теңгеге пәктігін сатпақшы (фото)

Опубликовано:

Алматылық бойжеткен пәктігін сатылымға қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Өзін Дарья деп таныстырған сылқым жасының 18-ге толғанын айтып, ақша өте қажет болған соң бұл қадамға барғанын жазған. Ол қыздығы үшін – 2 миллион теңге сұрап отыр.

«Сәлеметсіздер ме, мен пәктігімді сатамын. Бұзылған ниеттілерді бірден қара тізімге кіргізем, тек, салмақты сұраққа жауап беремін. Менің хабарландыруым еш күлкісіз, рас. Менің жасым 18-де. Ауруханадан таза деген анықтама да алып бере аламын. Сұрақ бойынша тек қана WhatsApp арқылы жазыңыздар» делінген жарнамада.

Көрсетілген нөмір бойынша хабарласып, бойжеткеннен не себепті тәнін саудаға шығарғанын білмек болдық. Алайда ол журналист екенімізді естіген бойда ойынан айнып қалғанын айтты.

«Мен қыздығымды сатпаймын деп шештім. Мен бұл сомадан да жоғарымын. Жігітім жоқ. Қазір ақшадан қысылып жүргенім жоқ, себебі жұмысқа тұрдым» , - деді Дарья.

Дарьяның сөзінше, Алматыда пәк қыздардың саудасы қызып тұр.

«Пәктік сату таңсық емес. Әлеуметтік желіде арнайы топтар бар, осымен жұмыс жасайтын. Мәселен, ақшаға қысылған қыздар соған шығып, өзінің бағасын айтады. Ал, топ жетекшілері клиент іздейді», - дейді Дарья.

"Менің бір-екі құрбым пәкітігін сатты.  Қазір жігіттерге сенім жоқ, тастап кетсе дымсыз қаласың. Ал қыздығыңды сатып жіберсең аз болса да ақша ғой. Өкінбейсің де... Көбісі қаланың қыздары ғана деп ойлайды. Ауылдың қыздары да сатады. Олар арзанға сатады. Ең қымбаты -  500 мың теңге. Қаланың қыздары 3 миллион теңгеге дейін сұрайды", - дейді ол.

Клиенттің барлығы Алматы мен Астана қалаларынан

Бойжеткен пәктігін сатамын деп жүріп бұл кәсіптің қыр-сырын түгел тексеріпті. Оның сөзінше жас қыздарға құмар клиенттің барлығы Астана мен Алматыдағы қалталы азаматтар.

"Ең жасы 38-де, ең үлкені  - 70 жастағы шалдар. Қалтасы қалың "ағашкалар" ғой. Ішінде ел танитын азаматтар бар. Атын айта алмаймын. Олар қыздарды фотодағы түріне қарап таңдайды. Сосын ұнатқан қызының сау және пәк екеніне көз жеткізу үшін қаладағы мықты гинекологтарға жібереді. Ол дәрігерлердің тексеруінің өзі 100-150 доллар тұрады. Бұл ақшаны да қыздар өз қалтасынан төлейді. Егер дәрігер жақсы деген қорытынды берсе, клиент бір ай ішінде келіп кездесіп, ақшасын береді. Кейде гинекологтың тексеруінен соң, ал кейбір сәттерде ақшасын жұмысын бітірген соң төлейді",- дейді Дарья.

Алдап кететін клиенттер де бар

"Адамдардың бәрі бірдей емес. Ішінара байлардың өзі қыздарды алдап кететінін естимін. Кейде қыздар байларды «пәкпін» деп алдап, екі рет ақшасын алып жатады. Қыздардың кейбірі пәктігін қиналғаннан сатады. Кейбірі пәк екенін көрсету арқылы қалталы азаматтың көңілдесі болады", - деп сөзін тәмәмдады бойжеткен.

Расымен де, жарнамалық сайттарда «пәктігімді сатамын» деген қыздардың хабарландыруын жиі кездестіруге болады. Әрбір жарнаманы орта есеппен 15-20 мың адам оқыған. Осыған қарап "сұраныс бар жерде – ұсыныс бар" дегенге сенесіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1521279-aqshadan-taryqqan-almatylyq-boyzhetke/

pixel