RU

Дәулет Тұрлыханов елді ерекше өнерімен тәнті етті (видео)

Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыхановты ел батыр деп құрметтеп, жақсы көреді. Ол тек чемпион ғана емес, меценат ретінде де танымал. Алайда Тұрлыханов мырза елді тағы бір өнерімен таңғалдырды. Ол гитарамен ән шырқап, өзінің әншілік өнерден де кенде емес екенін көрсетті.

Спортшының гитарамен ән салып отырған видеосын желіге журналист Серік Абас-Шах жүктеген.

Желі қолданушылары болса, Дәулет Тұрлыхановтың бұл өнеріне сүйсініп, жағымды пікірлерін аямады.

Тағы оқыңыздар: Қытай азаматшасына ғашық болған қазақ жігіті сүйгенінен бес жылға айырылды

"Батырлардың жүрегі нәзік болады", "Керемет", "Еліміздің батыры", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521281-daulet-turlykhanov-eldi-erekshe-onerim.html