RU

Алматылық жанкүйерлер матчтан кейін даниялық футболшының бас киімін тартып алған

Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Пионе Систоның бас киімін Алматылық жанкүйерлер ұрлап кетті. Оқиға қазақстандық командамен кездесуден соң қолтаңба беру кезінде болған.

"Жанкүйерлердің бірі қолтаңба беру кезінде бас киімді жұлып әкетті, оның орнына қазақтың оюлары кестеленген қалпақты беріп жіберіпті. Алайда сәлден соң бас киімді қайтарып берді. Бірақ өз қалпағын қайтып алған жоқ!", — деп жазған Instagram парақшасына журналист Азамат Әшімов.

Тағы оқыңыздар: Атақты Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанды

Бәлкім, бұл спорт дәстүріне сай зат алмасудың бір түрі шығар. Мәселен, футболшылар жейделерін жанкүйерлерге сыйға тартып жатады. Алайда видеода футболшының бас киімін өз еркімен бергені көрінбейді: Систо бас киімін жоғалтып алғанына сасып қалған сияқты, қайтарып беруін сұрап жатыр.

Тағы оқыңыздар: Командасының жеңісіне қуанған жанкүйерлер тірі балықты жеп қойды (фото)

Футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі Қазақстан мен Дания құрамалары арасында 10 маусым күні болды. Матч 1:3 есебімен даттардың пайдасына шешілді. Стадионда 19 мыңнан аса жанкүйер болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521522-almatyda-zhankuyerler-matchtan-keyin-d.html