RU

Жазира Байырбекова аяғын сындырып алатынын ескерткен әжейге іздеу салды

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова бірнеше ай бұрын өзін үйіне арнайы іздеп келіп, егде жастағы әжейдің орамалын сыйға тартпақ болған қарт кісіге іздеу салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыған дейін екі рет аяғын ауыртып алған әнші басынан өткен жайттарды өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына баяндап берген.

"Осыдан бірнеше ай бұрын үйге бір апа мені іздеп келді. Апамызда бұрын өмірден өткен Қажы, Қари, ерекше емшілік қасиеті болған бір әженің үлкен орамалы сақтаулы тұр екен. Мені іздеп келген апа үйде шәй ішіп отырып келген себебін айтты. Апаның түсіне әлгі әже бірнеше рет кіріп "Орамалды Жанболаттың жары Жазираға бер" деп бұйырыпты.

Апа ескі орамалды маған әкелуге ыңғайсызданып жүрдім дейді. Айналасындағы өзінен үлкен әжелер "Ол кісінің аянын орындамағандардың аяғы сынады" деген соң апа бар ұятты қойып келгенін айтты деген",- деген Жазира қарт әжейдің аманатын алуға уақыты болмағанын және ол кісінің байланыс нөмірін жоғалтып алғанын жазады.

Тағы оқыңыздар: БАҚ өкілдері қай зауытта арнайы операция жүргізілгенін анықтады

Әншінің қарт әжейге іздеу салуы да тегін емес. Аталған кісінің аянын орындамағандардың аяғы сынады деп келген кісі Жазираға ескерткен екен.

"Аяғымды бір сындырып алып жазылдым .Кеше тағы қайырып алдым, бірақ ақырындап жүріп жүрмін. Қанша дегенмен ырымшыл xалықпыз ғой. Орамал әлі сақтаулы болса барып алуым керек па деген ойға келдім", - дейді бұған дейін аяғын шығарып алған Жазира.

"Бұл жәй сәкестік болуы да мүмкін, кім біледі... Бәрін білуші бір Алла! Сонда да мені іздеп келген апаның ұл-қыздары болса маған жекеге жазыңыздаршы! Сол апама іздеу саламын!", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521530-zhazira-bayyrbekova-ayaghyn-syndyryp-al-2.html