RU

Сағынтаев полицейлердің ала таяғын қайтарудан бас тартты

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев депутат Артур Платонов, Жанат Жарасов, Бахтияр Мәкен, Мансұрхан Махамбетов пен Зағипа Балиеваның жол-патрульді полициясының таяғын қайтаруына қатысты сұранысына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Дамыған елдерде (АҚШ, Батыс Еуропа елдері, БАӘ) сынды елдерде жол-патрульді полициясы таяқ қолданбайды, тасымал көліктерін тоқтату полицей қолының қимылымен жүзеге асады.

Аталған елдерде автомобилизация деңгейі Қазақстандағы автомобилизация деңгейінен асып кетеді. Бірақ, полицейлердің тәртіпке келтіруі мен осы іске қатысты проблема туындамайды", - дейді мәжілісмендердің сұрауына жауап берген премьер-министр.

Тағы оқыңыздар: ЭСКПО басталғалы қымбаттап кеткен өнімдердің бағасы астаналықтарды шошытты

Қазіргі таңда Ішкі істер министрі ретке келтірушінің белгісіне қатысты қосымша түсіндірме жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ патрульді жол полицияларының қозғалысты қолмен ретке келтірудегі қимылдарын жетілдіру жұмысы жүруде.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылы  Қазақстан ІІД 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап полиция қызметкерлеріне таяқ ұстауға тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521584-saghyntaev-policeylerdinh-ala-tayaghyn-q.html